Мандат № 835
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мандат №835.
Н. Алдабергеновтің Қазақстан Коммунистік партиясының ІХ кезектен тыс съезіне арналған мандаты.
Тіктөртбұрышты пішінді, бұрыштары жұмырланған, тығыз қызыл түсті картоннан жасалған бланк. Фон ортасында ірі ашық түсті контурмен орындалған рим цифрымен «IX» деген белгі басылған. Сол жақ жоғарғы бұрышында В. И. Лениннің оңға қарап тұрған барельефтік профильді бейнесі.
Жоғарғы ортада ұран сөз: «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!»
Мәтіні: Жолдас Н.Алдабергенов Қазақстанның Коммунистік партиясының кезектен тыс ІХ съезіне Талдықорған партия ұйымынан шешуші дауыс правосымен делегат болып сайланды.
Музейлік тіркеу белгісі: Оң жақ төменгі бұрышында қара сиямен «МКДКП 1008» есептік шифры қойылған.
Мерзімделу кезеңі:
1959 ж.
Материал:
Картон қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
6 х 9 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)