Мандат №82
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мандат №82.
Қазақстан Коммунистік партиясының Х съезіне арналған мандат.
Тіктөртбұрышты пішінді, бұрыштары сәл жұмырланған, қанық қызыл түсті картоннан жасалған бланк. Сол жақ жоғарғы бұрышында В. И. Лениннің оңға қарап тұрған барельефтік бейнесі. Жоғарғы ортада ұран сөз: «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!»
Жолдас Н.Алдабергенов Қазақстанның Коммунистік партиясының Х съезіне Алматы партия ұйымынан шешуші дауыс правосымен делегат болып сайланды.
Сол жақ төменгі бөлігінде күлгін сиямен басылған дөңгелек мөр ізі көрінеді.
Мерзімделу кезеңі:
1960 ж.
Материал:
Картон қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
7 х 10 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)