Шырағдан тірегі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шырағдан тірегінің бөлігі. Жақсы иленген, тығыз, ашық қоңыр түсті саздан жасалған, құрамында ұсақ құм бөлшектерінің аздаған қоспасы бар. Беті қоңыр сырмен қапталған. Өрнегі өсімдік тектес: бір-біріне қарама қарсы орналасқан түзу сабақтар, олардың ортасында астыға қараған үш ашық жапырақшасы бар бір сабақ бейнеленген.
Мерзімделу кезеңі:
XI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Жылтыр сырлау
Өлшемі:
Ені - 3,1 см, ұзындығы - 4,2 см.
Санат:
Археология