Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Балдақ.

Описание

Балдақ—бүркітшілер ат үстінде құсты алып жүру үшін пайдаланатын дәстүрлі ағаш тұғыр. Жоғарғы жағы 12 см көлемінде екі айырлы етіп жасалған. Айыр арасына 3 см жалпақтықтағы екі қабат қайыс салынған, ұштары сыртқа қайырылып, жез шегелермен бекітілген.
Балдақтың жалпы биіктігі — 50 см. Төменгі бөлігіндегі көлденең тесік арқылы үш өрім қайыс бау өткізіліп, ұштары түйілген — бұл балдақты ерге бекітуге арналған. Осыдан 24 см жоғары тағы бір көлденең тесікке ұзындығы 90 см қайыс бау тағылған.
Автор: Дәркембай Шоқпарұлы

Состояние сохранности

Без видимых повреждении

Scroll to Top