Шырағдан тірегі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шырағдан тірегі жақсы иленген, тығыз қызыл түсті саздан жасалған, құрамында ұсақ құм бөлшектерінің аздаған қоспасы бар. Беті жасыл сыр қабатымен қапталған. Тірек бөлігінде шаршыға жуық пішінді, ұштары айырланған тұғыр бар. Жан-жағында ортасына шұңқыр салынған S тәрізді өрнек бейнеленген. Ортасынан бойлай бір сызық өтеді, оның соңында төңкерілген қазақтың ұлттық өрнегі - «Қошқар мүйіз» орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
XI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Жылтыр сырлау, Қалыптау, Пішіндеу
Өлшемі:
Ені - 3,6 см, ұзындығы - 5,0 см, тұтқасының шығыңқы бөлігінің диаметрі - 1,5 см.
Санат:
Археология