Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Гобелен.

Описание

Гобелен. 1985 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің ашылуына арнайы тоқылған гобелен. Таза қой жүнінен фабрикалық әдіспен Алматыдағы «В. Терешкова» атындағы тоқыма фабрикасында дайындалған.Гобеленнің оң жақ жоғарғы бұрышында—орыс шіркеуі, сол жақ төменгі бұрышында—күмбезді мешіт, одан төмен—қазақ ауылы мен атпен шапқан жігіттер,
орта тұсында—керуен сапары, төменгі бөлігінде—Көкшетау аймағы бейнеленген.
Гобеленнің ортасынан сол жақ шетінен оң шетіне дейін өрнекті матамен Яркенд, Қашғар, Құлжа, Алтынемел, Қапал, Верный, Аягөз, Семей қалаларына бағытталған тарихи жол желісі көрсетілген. Автор: Қожақанов Ш.1985ж

Состояние сохранности

Нити изношены.

Scroll to Top