Өтініш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ресми өтініш хат, машинкамен басылған, қазақ тілінде, 3 бет.
Хат Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы төрағасы Белімбетов жолдасқа Сталин атындағы колхоз төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі Н. Алдабергенов тарапынан жолданған.
Хатта Талдықорған ауданындағы колхоздың шаруашылық жетістіктері мен әлеуметтік нысандары баяндалып, инфрақұрылымды дамытуға қолдау сұралады. Мемлекеттік бюджет есебінен 1959 жылға дейін 70 орындық интернат пен мұғалімдерге арналған 10 екіпәтерлі үй, ал колхоз қаражаты есебінен 500 орындық Мәдениет үйі, 200 орындық балабақша және стадион салу әрі жабдықтау ұсынылған.
Мерзімделу кезеңі:
1957 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
20 х 15 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)