Радиоқабылдағыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Радиоқабылдағыш. Желілі-шамды «Балтика-Р-3-1» құрылғысы.
Тікбұрышты, алдыңғы жағы сәл дөңгелене келген. Жоғарғы бөлігінде дыбыс шығаратын динамик орналасқан. Алдыңғы жағының жоғарғы тұсы матамен жабылған.
Төменгі бөлігінде әртүрлі радиостанциялардың жиілігі көрсетілген тюнинг шкаласы орналасқан. Алдыңғы жақ төменгі бөлігіндегі екі дөңгелек тұтқаның сол жақтағысы дыбыс деңгейін реттеуге, ал оң жақтағысы жиілікті (радиотолқынды) баптауға арналған.
Артқы бөлігінде антенна ұясы, қосымша динамиканы жерлендіргіш, тоққа қосып-ажыратқыш орналасқан. Ерейментау қаласының тұрғыны Мажитов Д. тапсырды
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғасыр 50ж
Материал:
Ағаш, Мата
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
560х360х280мм
Санат:
Техника және аспаптар