Қол тарақ (жүн тарақ)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл құрал көшпелі халықтардың, соның ішінде қазақтардың тұрмысында иіру процесінің алдында қой жүнін немесе ешкі түбітін шөп-шаламнан, ұйысқан қоқыстардан тазартып, мамықтандыру үшін кеңінен қолданылған. Үшбұрышты ағаш тіреуіш (жақтау): Құралды жерге, лавкиге немесе арнайы тақтайға бекітуге, сондай-ақ жұмыс кезінде аяқпен басып тұруға ыңғайлы негіз қызметін атқарады. Темір тістері (тарағы): Үшбұрыштың төбесінде орналасқан ұзын, жиі орнатылған өткір темір инелер. Шебер жүнді немесе түбітті осы тістер арасынан өткізе отырып, талшықтарды бір-бірінен ажыратқан және түткен.
Материал:
Ағаш, Металл
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
30х37 см
Санат:
Тұрмыстық бұйымдар