Ұнтақтағыш (келі мен келсап)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ас үйге арналған ыдыс. Бұйым табиғи тастан жасалған. Екі бөліктен тұрады - келі (ыдыс) және келсап (соғу құралы).
Төменгі бөлігі - дөңгелек пішінді, қалың қабырғалы келі. Оның ішкі жағы ойылып, тұз немесе басқа да дәмдеуіштерді ұнтақтауға ыңғайлы етіп жасалған. Келінің сыртқы беті тегістелген, төменгі жағы тұрақты тұруы үшін кеңдеу. Жоғарғы жиегі сәл қалыңдатылып өңделген.
Жоғарғы бөлігі - келсап. Ол цилиндр тәрізді, төменгі жағы келінің ішіне дәл келетіндей дөңгелек пішінді. Үстіңгі бөлігі домалақтау, қолмен ұстауға ыңғайлы. Келсаптың беті тегістелген, бірақ табиғи тастың кедір-бұдыр фактурасы сақталған.
Мерзімделу кезеңі:
конец XIX - начало XX вв.
Материал:
Тас
Техника:
Өңдеу
Өлшемі:
12 х 7 см; d - 6,5 см.
Санат:
Ыдыс-аяқ