Медаль куәлігі №80
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Медаль куәлігі №80.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Көліктік (Кедендік) бақылау комитетінің «Кеден органдарындағы үздік қызметі үшін» III дәрежелі омырау белгісінің куәлігі. Құжат типографиялық тәсілмен ақшыл-көгілдір өрнекті қағазға басылып жасалған екі бетті құжат. Жиектері көк түсті ұлттық өрнекті рамкамен көмкерілген.
Сол жақ жоғарғы бетінде «ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ», ал төменде «III дәрежелі кеден органдарындағы үздік қызметі үшін» жазуы және омырау белгісінің бейнесі бар. Оң жақ бетінде «КУӘЛІК № 80» деп жазылып, иесінің аты-жөні - Халел Хасенұлы Жылқыбаев деп қолдан сиямен толтырылған. Төменгі жағында Мекеме төрағасының аты-жөні, лауазымы және ресми мөрі басылған.
Мерзімделу кезеңі:
2001 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу, Қолжазба
Өлшемі:
8 х 11 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)