Құрмет дипломы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ресми мемлекеттік марапаттау құжаты Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің (ВСХВ) Құрмет дипломы. Құжат Талдықорған облысы, Талдықорған ауданындағы «Сталин атындағы колхозға» жолданған. Онда социалистік ауыл шаруашылығындағы жетістіктері үшін көрменің Бас комитеті тарапынан құрмет дипломымен марапатталғаны туралы мәлімет берілген. Құжаттың жоғарғы бөлігінде КСРО мемлекеттік елтаңбасы мен советтік ұран орныққан, ал төменгі бөлігінде жауапты тұлғаның қолы, куәлік нөмірі мен рәсімделген күні көрсетілген.
Мерзімделу кезеңі:
1958 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу, Қолжазба
Өлшемі:
30 х 44 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)