Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саз балшықтан жасалған құмыра. Қызыл түсті балшықтан қолмен иленіп, қыш шарығында жасалған. Денесі шар тәрізді, жоғарғы бөлігі томпайған. Мойны бағана тәрізді, құюға арналған тұмсығы шымшып қалыптау әдісімен жасалған. Тік, иілген пішінді сабы сопақша қималы, бір ұшы мойынның жоғарғы бөлігіне, екінші ұшы иыққа бекітілген. Ыдыстың сыртқы беті қызыл ангобпен қапталған. Мойын бөлігі дөңес тәрізді жапсырма арқылы ерекшеленген. Ернеуі үшбұрышқа жақын, сәл жіңішкерген, шетінде қабырғалы жапсырма бар, түбі дөңгелек. Түбі бойымен жарық пайда болған, оның бойында диаметрі 0,5 см болатын 10 қос тесіктен тұратын қатар орналасқан, бұл құмыраны жөндеу кезінде жасалған белгілер.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII вв.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Высота - 42,0 см., высота ручки - 10,5 см., диаметр горловины - 10,9 см., ширина ручки - 4,5 см., диаметр тулова - 27,0 см., диаметр днища - 14,0 см.
Санат:
Археология