Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сынапкөзе

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Сынапкөзе пішіні эллипс тәрізді, тұлғасының жоғарғы бөлігі кеңейген, түбі сүйір тәрізді, иықтары көлбеу. Бұйым жақсы иленген, тығыз, сұр түсті саз балшықтан жасалған. Ыдыстың сыртқы беті ашық сұр ангобпен қапталған. Бүйірінің жоғарғы бөлігінде тік бағытта кезектесе орналасқан ойылған сызықтармен безендірілген өрнек бар. Бұл сызықтардың арасында сопақша пішінді, кесілген қырлар бейнеленген. Бұл өрнек ыдыстың бүкіл шеңбері бойынша жүргізілген.Төменгі бөлігінде бүкіл диаметрі бойынша үш қатар етіп түсірілген концентрлік кең сызықтар орналасқан. Мойны тік, жиегі қалыңдатылған, саңырауқұлақ тәрізді пішінде.

Мерзімделу кезеңі: Х-ХІІ вв.
Материал: Керамика
Техника: Өңдеу
Өлшемі: Диаметр горловины - 3,2 см., диаметр тулова - 10 см., диаметр отверстия - 0,9 см., высота сосуда - 13 см., толщина стенок - 0,8-1,1 см.
Санат: Археология
Scroll to Top