Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль куәлігімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«1941-1945 жж Ұлы Отан Соғысы Жеңісіне қырық жыл» Диаметрі 32 мм дөңгелек пішінді жезден жасалған беткі жағында бесбұрышты жұлдыз, лавр бұтақтары мен фейрверк аясындағы сарбаз, жұмысшы және ұжымшар мүшесінен (әйел), және Мәскеу Кремілінің Спасс мұнарасынан тұратын мүсіндік композиция бейнеленген, үстінде “1945” және «1985» жазулары бар. Медальдің сыртқы бетінде үстінгі жағында шеңбер бойымен «УЧАСТНИКУ ВОЙНЫ», ортасында - “40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.” жазулары бар, төменгі бөлігінде лентаның үстіндегі қол орақ пен балға бейнеленген.Барлық жазулар мен суреттер бедерлі, шеттері ернеумен жиектелген, құлақша мен шығыршық арқылы жібек муар лентамен тартылған. Лентаның ені 24 мм Лента қара, жасыл және қызыл, сарғылт түсті жолақтарға боялған. Ұлы Отан Соғысының ардагері И.Е. Смоленскийге берілген награда

Мерзімделу кезеңі: 1985 ж.
Материал: Металл
Техника: Қалыптау
Өлшемі: d -32 мм.
Санат: Металл
Scroll to Top