Қапшық.
Описание
Қапшық—оқ-дәрі салуға арналған былғарыдан жасалған шағын дорба. Бұндай бұйымдар ХІХ ғасырдағы жауынгерлік және аңшылық мақсатта жиі қолданылған. Қапшықтың қалтасы тығыз былғарыдан тігіліп, беріктігін арттыру үшін екі қапталы жұқа темірмен шегелене бекітілген. Астыңғы жағы да темір және қаңылтырмен нығайтылып, үш жерден шегемен ұстатылған.
Қапшықтың ауыз жағын жауып тұратын былғары бөлігі 3 см жалпақтықта темірмен қапталып, алты шегемен бекітілген. Бауы тағылатын жоғарғы бөлігінде екі доғабас темір орнатылып, оған темір шығыршық және ұзындығы 15 см қайыс бау бекітілген.Биіктігі—7 см6 ені—9,5 см, ішкі тереңдігі—3 см
ХІХ ғасыр.
Состояние сохранности
Металлические части покрыты ржавчиной, кожа порвана.