Үтік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл үтік -электр қуаты болмаған уақытта қолданылған, пеште қыздырылатын ауыр шойын үтік. Жасалуы қарапайым, тұтас темірден құйылып жасалған. Үтіктің сабы да темірден жасалған және қызудан қорғайтын арнайы жапқышы болмаған, сондықтан жұмыс істеу кезінде арнайы шүберекпен ұсталған. Пешке немесе отқа қойып қыздырылғаннан кейін, үтік киімнің бүктемесін жазу үшін пайдаланылған. Ішкі қуыс немесе шоқ салатын бөлімі жоқ.
Мерзімделу кезеңі:
1950 г.
Материал:
Металл
Техника:
Құю
Өлшемі:
8×17×14 см.
Санат:
Металл