Ерлер белдігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ерлер белдігі - қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салтында кеңінен қолданылған сәндік бұйымдардың бірі. Белдік былғарыдан жасалып, бет жағы металл әшекейлермен өрнектелген. Ол тек киімнің құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар иесінің әлеуметтік дәрежесін, мәртебесі мен сән-салтанатын айқындаған. Мұндай белдіктер күнделікті тұрмыста да, мерекелік жиындарда да ер адамдардың киім үлгісін толықтырып отырған.
Мерзімделу кезеңі:
XVIII в.
Материал:
Былғары, Металл
Техника:
Илеу, Өрнектеу
Өлшемі:
4x129 х 0,4 см.