Текемет.
Описание
Текемет—қойдың ақ түсті жүнінен басылып жасалған дәстүрлі киіз бұйым. Оның беті түрлі түске боялған жүннен жасалған сәндік ою-өрнектермен көмкерілген. Оюлар композициялық жағынан үш бөлікке бөлінген: екі шеткі бөлігі жасыл түспен ерекшеленсе, орталық бөлігі қызыл түспен көзге түседі. Қызыл бөліктің ортасына жасыл түсті жүннен үш төртбұрыш бейнеленіп, олардың ішіне сары түсті оюлар салынған. Бұл текемет ою-өрнек үйлесімі мен түс таңдауымен қазақтың дәстүрлі көркемдік талғамын көрсетеді.
Автор: Ғ.Абдрахманова. ХХ ғасыр
Состояние сохранности
Старый