«КСРО Қарулы күштеріне елу жыл» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Л.Е. Седельниковтың «КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл» медалі.
Медаль дөңгелек пішінде жасалған, шеттері бортикпен жиектелген. Медальдегі барлық жазулар мен бейнелер бедерлі. Медаль құлақша мен сақина арқылы көгілдір түсті жібек муар лентамен қапталған бесбұрышты колодкаға бекітілген. Лентаның ортасынан бойлай ақ жолақ өтеді, оның екі жағында қызыл және ақ жолақтар орналасқан.
Медальдің алдыңғы бетінде қызыл эмальмен қапталған бескірпішті жұлдыз бейнеленген. Жұлдыздың ортасындағы шеңбер ішінде будёновка мен каска киген Кеңес Армиясының екі жауынгерінің кеудеден профильдік бейнесі орналастырылған. Шеңбердің шеттерінде мерейтойлық «1918» және «1968» даталары көрсетілген. Жұлдыздың айналасында лавр және емен жапырақтарынан тұратын венок бейнеленген.
Медальдің артқы бетінің жоғарғы бөлігінде бескірпішті жұлдыз, ортаңғы бөлігінде балға мен соқа бейнесі орналасқан. Төменгі жағында «КСРО ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ ЕЛУ ЖЫЛ» деген жазу бедерлі түрде берілген.
Колодканың артқы жағында түйреуіш тәрізді бекіту бар.