Куәлік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Еңбек ардагері» медаліне куәлік
Куәлік жазушы Әли Ысқабайға 1984 жылғы 13 қаңтарда берілген. Құжатта ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбегі үшін Талдықорған облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің шешімімен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан «Еңбек ардагері» медалімен марапатталғаны туралы мәлімет көрсетілген.
Куәлік қызыл түсті мұқабамен қапталған, екі беттік, жиналмалы кітапша түрінде орындалған. Мұқабаның ішкі сол жақ бетінде медальдің бейнесі орналасқан. Құжаттың сыртқы бетінде «Еңбек ардагері» медаліне куәлік, «Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы» деген жазулар және КСРО Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі берілген.
Мерзімделу кезеңі:
1984 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)