Петроглиф
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Петроглиф (тастағы бейнелеу өнері).Бейне пикетаж (ұрып-қашау) және пісіп-сызу әдісі арқылы түсірілген. Тастың орталық бөлігінде жылқы (немесе тұяқты жануар) тұрпаты оңға қарап тұрған қалыпта бейнеленген. Төрт аяғы, мойны мен басы контурлық әрі сұлбалық тәсілмен айқын ұрып қашалған. Суреттің контураралық ақшыл түсі тастың тереңгі қабатын аршу арқылы алынған. Бұл петроглиф - Жетісу өлкесіндегі ежелгі тайпалардың (андроновтықтар, сақтар) дүниетанымын, тотемистік сенімдерін және шаруашылығын (жылқыны қолға үйрету мәдениетін) көрсететін бағалы археологиялық жәдігер.