Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Су құбырының бір бөлігі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қыштан жасалған құбырдың бір бөлігі болып табылады. Бір-біріне кигізіліп жалғануы үшін бір ұшы кеңірек (құйғыш тәрізді), ал екінші ұшы тарлау етіп конус пішінінде жасалған. Беткі қабатында қышшы дөңгелегінің (гончарный круг) айналуынан қалған көлденең сызықтар мен іздер айқын көрінеді. Саз балшығы тығыз, жоғары температурада күйдірілген.
Бұл артефакт - ХІІ ғасырдағы Қойлық қаласында сумен жабдықтау мен канализация жүйесінің, өркениетті тұрмыс-салттың жоғары деңгейде дамығанын көрсететін маңызды айғақ. Ортағасырлық қала инженерлерінің гидротехникалық шеберлігін сипаттайтын құнды археологиялық экспонат.

Мерзімделу кезеңі: ХІІ ғ
Материал: Глина
Техника: Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі: длина-43 см, дм-15 см.
Санат: Археология
Scroll to Top