Шәкәрім әндерінің нотасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шәкәрім Құдайбердіұлы әндерінің музыкатанушы Т.Бекхожина нотаға түсірген нұсқасы. Жалпы саны 13 ән нотаға түсірілген. Олар ақынның келесі шығармалары: «Сұраған жанға сәлем айт», «Қорқыт хожа Хафиз түсіме енді де», «Ойладым бір сөз жазайын да…», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек ән», «Жиырма үш жасымда бұл өлең жазылған», «Қорқыттың сарыны деп салған әні», «Жылым қой, жұлдызым июль», «Насихат», «Кетермін, артымда сөз әнім қалар», «Ажалсыз әскер», «Тыныштық жоқ, тыным жоқ», «Анадан алғаш туғанымда». Ақын әндерін орындаған А.Шәкәрімұлы. Көлемі: 18 бет. Нота 1986 жылы Ахат Құдайбердиевтің жеке архивінен алынды.
Мерзімделу кезеңі:
XX ғ.
Материал:
Металл
Техника:
Қолжазба
Өлшемі:
23,5×29 см