Куәлік төсбелгісімен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Аудан әкімі Е.Қошанбековтың атынан 2006 жылы 10 қарашада «Ақдала алқабының игерілуіне 40 жыл» толуына орай жазушыға берілген мерекелік төсбелгіні дәлелдейтін құжат. Куәліктің сырты қоңыр түсті, жиектеріне ою-өрнек салынған, сыртында Балқаш ауданының логотипі бейнеленген.
Төсбелгі металдан жасалған, сары түсті, дөңгелек тәрізді, алдыңғы жағында «Ақдала алқабы» 40 жыл деген жазуы бар, комбайн мен бидай өсімдігінің суреті ойылып жасалған. Төсбелгінің жоғарғы жағы көк түсті, бетінде ауданның логотипі мен «Балқаш ауданы» деген сөз жазылған, артында кеудеге түйреуге арналған бұрандалы ілмегі бар.
Мерзімделуі: 2006 ж.
Техникасы: зауыттық өнім
Өлшемі: куәлік ені - 7,5 см, тігінен - 10,5 см; Төсбелгі ені - 2,5 см, тігінен ұз - 4,5 см
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ