Ас ішуге арналған құралдар жинағы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ас ішуге арналған құралдар жинағы: пышақ, шанышқы және шай қасықтан тұрады. Пышақ пен шанышқының саптары сүйектен, шай қасықтың сабы пластмассадан жасалған. Металл бөліктері тот баспайтын болаттан жасалып, штамптау, механикалық өңдеу, тегістеу және жылтырату тәсілдерімен өңделген. Бөлшектері құрастырып бекітілген. Шай қасықта «STAINLESS STEEL» деген таңба бар. Жинақ көк түсті матамен қапталған қорапта орналасқан. Қорапқа сары түсті металл тақтайша бекітіліп, оған «Дорогому Журумбеку Сыдыкавичу от благодарного ученика 28 январь 1972г» деген жазу гравюра тәсілімен түсірілген. Жинақ Жүрімбек Сыдықовқа шәкіртінің атынан 1972 жылғы 28 қаңтарда сыйға тартылған. Музей қорына ұрпағы А.Егізова өткізді.
Мерзімделу кезеңі:
1972 ж.
Материал:
Металл, Сүйек
Техника:
Қалыптау, Құрастыру, Өңдеу
Өлшемі:
қорабтың ені-14,ұзындығы- 27, биіктігі-5см, шанышқы- 19 см, қасық-16см, пышақ-22,5см