Үстел үсті электор шамы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Xujiale» үстел үсті электр шамы. Белгілі ғалым Жүрімбек Сыдықовтың жеке заты.
Шам дөңгелек пішінді хромдалған металл тұғырдан, жіңішке әрі сәнді өңделген бағанадан және конус тәрізді ақ түсті абажурдан тұрады. Тұғырының жоғарғы бетінде оң жағына таман брендтің «Xujiale» деген жазуы бар металл белгісі орнатылған.
Шамның ортаңғы бағанасы қоңыр түсті ағаш элементтен құралып, ортасы хромдалған металл сақинамен бөлінген. Шамды электр желісіне қосатын қара түсті сымы бар. Абажуры ашық/крем түстес, жарықты жұмсақ шашыратуға арналған.
Музей қорына ұрпағы А.Егізова өткізді.
Мерзімделу кезеңі:
1985 ж.
Материал:
Ағаш, Металл
Өлшемі:
биіктігі-46см, диаметр-26см.