Жабайы үйрек тұлыбы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Үйректің тұлыбы - жабайы су құсының сыртқы морфологиялық белгілерін табиғи қалпында сақтап, көрнекілік мақсатында дайындалған таксидермиялық бұйым. Тұлып құстың ұшу алдындағы немесе ұшу кезіндегі табиғи қалпын бейнелейді. Дене тұрқы орташа, денесі жинақы, басы алға бағытталған, мойны қысқа. Қанаттары екі жаққа кең жайылған, қауырсындары сұрғылт-ақ түсті, ұштары күңгірт реңкті. Аяқтары сарғыш-қызғылт түсті, саусақтарының арасы жарғақты.Тұлып топырақ тәрізді тұғырға орналастырылған. Тұғырда ұсақ тастар мен жасанды өсімдік элементтері қолданылып, су маңындағы табиғи мекен ету ортасын бейнелейтін композициялық көрініс жасалған.