Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Басқұр

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат - дәстүрлі қазақ қолөнеріне тән өрнекті басқұр. Бұйым жүн жіптерден тоқылған, ұзынша жалпақ пішінді. Экспонат бүктелген күйінде сақталған, толық жазылғандағы ұзындығы 3 метрді құрайды. Негізгі түсі - қызыл-қоңыр, беткі бөлігінде қою көк түсті геометриялық ромб тәрізді өрнектер орналасқан. Өрнекті бөліктің екі жиегі жасыл түсті жолақпен көмкерілген.
Басқұрдың екі ұшына бірнеше жіптен өріліп жасалған жіңішке баулар бекітілген. Баулардың ұштары түрлі түсті жіптерден жасалған шашақтармен аяқталады. Шашақтар жіптердің бірнеше талын біріктіріп, өріп және төмен қарай бос қалдыру арқылы орындалған. Бұл элементтер бұйымның сәндік сипатын айқындай түседі.
Бұйым өрмекпен терме тоқу тәсілі арқылы түрлі түсті жіптерді алмастыра отырып тоқылған. Басқұр дәстүрлі қазақтың киіз үйінде уық пен керегенің түйіскен тұсын бастырып бекітуге, сондай-ақ үйдің ішкі көрінісін сәндеуге пайдаланылған.

Мерзімделу кезеңі: 2009 ж.
Материал: Мулин жіптері
Техника: Өру
Өлшемі: 300х8 см
Scroll to Top