Костюм
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Белгілі Жетісу өңірін зерттеуші, жазушы, драматург, этнограф, журналист, соғыс және еңбек ардагері Тәңірберген Қалилаханов киген ерлер костюмі. Костюм «VALENTIN HILL» фирмасында тігілген. Костюм қара-сұр түсті, жұқа жолақты матадан жасалған. Пиджактың пішіні классикалық, жағасы қайырма, жеңі ұзын. Алдыңғы бөлігінде үш түйме және сол жақ кеуде тұсында ойық қалта орналасқан. Төменгі бөлігінде қақпақты екі қалта бар. Костюмнің қарапайым әрі жинақы пішіні оның классикалық үлгісін айқындайды.
Мерзімделу кезеңі:
1975 ж
Материал:
Мата
Техника:
Тігу
Өлшемі:
56 р
Санат:
Киім және кесте