Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сырмақ

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Дәстүрлі қазақ қолөнеріне тән оюлы сырмақ. Сырмақ түрлі түсті киіз бөліктерінен құрастырылып жасалған. Негізгі түстері - қызғылт сары, сұр және қою қоңыр. Бұйымның орталық бөлігінде ромб тәрізді композиция орналасып, оның ішкі бөліктері өсімдік тектес ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Жиегі мен шеткі бөліктеріне ирек, иірім және өсімдік тектес өрнектер түсірілген. Оюлардың контурлары жіппен жиектеліп, тігіс арқылы айқындалған. Өрнектердің симметриялы орналасуы сырмақтың көркемдік үйлесімін арттырады. Сырмақ дәстүрлі қазақ тұрмысында үй ішін сәндеу және төсеніш ретінде пайдаланылған.

Мерзімделу кезеңі: 2009ж
Материал: Жіп, Киіз
Техника: Қолдан жасалған жұмыс, Тігу
Өлшемі: 200 х120 см.
Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Scroll to Top