Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қойын дәптер

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Жәдігер - Ақсу ауданының тумасы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қанипа Бүгібаеваның өз қолымен жасаған дәптері.

Дәптер шағын көлемді, көлденең пішінді, жұмсақ қағаз мұқабалы. Мұқабасы ашық сұр түсті қағаздан жасалған. Алдыңғы бетінде көк түсті типографиялық жазулар мен белгі орналасқан. Мұқабаның жоғарғы бөлігінде Қанипа Бүгібаеваның көк сиямен өз қолымен жазған «Қанипа Бүгібаева» және «1 август 1977 ж.» деген жазбалары бар.

Мұқабада уақыт өте келе пайда болған табиғи тозу белгілері байқалады: қағаз сарғайған, жиектері қажалған, кей жерлерінде бүктелу және тозу іздері бар.

Жәдігер Қанипа Бүгібаеваның өмірі мен шығармашылық мұрасына қатысты жеке қолжазба бұйым ретінде мемориалдық және тарихи-мәдени құндылыққа ие.

Мерзімделу кезеңі: 01.08.1977ж
Материал: Картон, Қағаз
Техника: Қолжазба
Өлшемі: 14,5 × 20,5 см, 11 бет
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top