Қобдиша
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - Мұхтар Әуезовтің Фатима Ғабитоваға сыйға тартқан ағаштан жасалған қобдишасы. Қобдишаның пішіні төртбұрышты, көлденеңінен созылыңқы, бұрыштары біршама жұмырланған. Негізгі корпусы қара түсті. Қақпағы жалпақ, үстіңгі беті қоңыр-қызыл реңктермен безендірілген. Қақпақ бетінде гүлді өсімдік бейнесіне ұқсас сәндік композиция байқалады.
Бұйымның беткі қабатында бояу және лакпен өңдеу іздері көрінеді. Қақпағында уақыт өте келе пайда болған жарықтар, сызаттар, қажалу және бояу қабатының бүліну белгілері бар. Қобдиша дәстүрлі тұрмыстық мақсатта ұсақ заттарды сақтауға арналған.
Мерзімделу кезеңі:
1960 ж
Материал:
Ағаш, Металл
Техника:
Құрастыру, Өңдеу
Өлшемі:
20х10 см.