Тас диірмен (үстіңгі бөлігі)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тас диірмен - дәнді дақылдарды (бидай, арпа, тары, жүгері және т.б.) ұнтақтауға, ұн немесе жарма дайындауға арналған дәстүрлі қол диірмені. Ол бірінің үстіне бірі орнатылған екі дөңгелек тас бөліктен тұрады. Төменгі тас қозғалмайтын негіз қызметін атқарады, ал жоғарғы тас арнайы тұтқаның көмегімен қолмен айналдырылады. Дән жоғарғы тастың ортасындағы тесік арқылы салынып, айналу барысында екі тастың арасына түсіп, ұнтақталады. Дайын өнім диірмен тасының шеттері арқылы сыртқа шығады.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ
Материал:
Тас
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс, Өңдеу
Өлшемі:
дм-40см, биіктігі- 12см