Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Үтік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бұл- көне шойын үтік. Бұл үлгі XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қолданылған. Үтік тұтас шойыннан құйылған, ауыр, үстінде шойыннан жасалған доға тәріздес сабы бар. Беті мен шетінде өрнекке ұқсас бедерлі элементтер және зауыттық жазулар байқалады.Бұл үтікті пайдалану үшін оны ошақта, пеште немесе отта алдын ала қыздырып, содан соң киімді үтіктеген. Үтіктің ауыр салмағы мен қызған беті матадағы қатпарларды жақсы жазады. Жалпақ әрі үшкір тұмсықты табаны арқылы матаға жақсы басылады. Салмағы ауыр болғандықтан, күш түсірмей үтіктеуге болады. Сыртқы бетіндегі өрнектер мен жазулар оның зауытта жасалғанын білдіреді.

Мерзімделу кезеңі: ХІХ
Материал: Шойын
Техника: Бедерлеу, Құю
Өлшемі: Ұзындығы-16см, ені 9см, биіктігі-11 см
Санат: Артефактілер
Scroll to Top