Биялай (құсбегілік қолғап)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бүркітшілер пайдаланатын дәстүрлі аңшылық бұйым. Былғарыдан жасалған бұл қолғап бүркітті қолға қондыру кезінде құсбегінің қол саусақтары мен білезік тұсын құстың өткір тырнақтарынан қорғау үшін киілген. Қолғап берік материалдан дайындалып, аңшылық құспен жұмыс істеу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.
Бүркітшінің қолына құстың тырнағы батпас үшін киілетін мал терісінен дайындалған қолғап түрі. Құсбегі, Текелі қаласының тұрғыны Бүркітбай Файзуллаұлы өткізген.
Мерзімделу кезеңі:
1980 г.
Материал:
Былғары
Техника:
Жапсыру, Қосып тігу, Пішу
Өлшемі:
15х38 см
Санат:
Этнография