Бөстек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бөстек - қазақ халқының дәстүрлі жұмсақ төсеніштерінің бірі. Ол, әдетте, киіз үйдің немесе отырықшы үйдің ішіне отыруға арналған төсеніш ретінде қолданылады. Суреттегі бөстек құрақ техникасымен тігілген, бұл оның эстетикалық және мәдени құндылығын арттыра түседі.Бұл бөстек жұмсақ әрі қалың маталардан тігілген. Сыртқы бөлігі плюш мата. Түстер үйлесімі өте айқын: сарғыш сары, қою күлгін (қызыл күрең), жасыл түстер дәстүрлі ұлттық нақышта жымдасады. Бөстек жиектері қою жасыл түсті мата жолақпен көмкерілген.Ортасында қазақ құрақ өнерінде жиі кездесетін «жұлдызша», «ромбты жұлдыз» тәрізді геометриялық композиция орналасқан. Ішіне қой жүні салынған.
Мерзімделу кезеңі:
1990
Материал:
Жүн, Мата
Техника:
Қосып тігу
Өлшемі:
35х40 см.