Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қазан

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қазақ халқының дәстүрлі ас пісіруге арналған ыдысы. Бұл үлгісі шойыннан құйылып жасалған, пішіні жарты шар тәріздес. Қазанның қабырғалары қалың, жылуды жақсы сақтайды және біркелкі таратады. Екі жағында құлақшалары бар, олар арқылы қазан көтеріліп, ошаққа орнатылады. Қазан - тек тұрмыстық бұйым ғана емес, қазақ халқы үшін отбасы, бірлік пен берекенің символы болып саналады. Бұл үлгі көбінесе далада немесе киіз үй ішінде, ошаққа орнатып, ет, сүт тағамдары мен түрлі ұлттық асты дайындауға қолданылған.

Мерзімделу кезеңі: ХІХ ғ
Материал: Шойын
Техника: Құю
Өлшемі: дм - 50 см, биіктігі- 24см.
Санат: Тұрмыстық бұйымдар
Scroll to Top