Күбі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Күбі - қазақ халқының ежелден келе жатқан, сүт өңдеуге арналған дәстүрлі тұрмыстық ыдысы. Ағаш бөлшектерін біріктіріп, құрастыру арқылы жасалған. Цилиндр тәрізді пішінді, қызыл-қоңыр түсті бояумен сырланған. Ауыз жағы тарлау, түбі кеңдеу болып келеді. Ағаш бөліктері темір шеңберлермен құрсауланып бекітілген. Бетінде ұзақ жылдар бойы қолданылғанын айғақтайтын тарихи іздер сақталған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ.
Материал:
Ағаш, Металл
Техника:
Құрастыру
Өлшемі:
дм - 30см, биіктігі- 70 см.
Санат:
Тұрмыстық бұйымдар