Ат әбзелі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Атқа мінуге арналған негізгі ат әбзелі. Ағаштан жасалып, сыртынан қара түсті былғарымен қапталған. Қаптамасының жиектері мен сәндік қапсырма элементтері дәстүрлі ұлттық өрнектермен безендірілген. Алдыңғы қасы биік, доға тәрізді пішінде орындалған. Ол өсімдік және геометриялық өрнектермен бедерленген ірі металл қапсырмамен сәнделген. Қапсырманың жиегі сәндік шегелермен көмкерілген.
Үстіңгі бөлігіне «қошқар мүйіз» зооморфтық ұлттық өрнегімен безендірілген жұмсақ көпшік төселген. Үзеңгілері былғары тебінгілер арқылы бекітілген. Үзеңгілер металдан жасалған, аяқтың орнықты тұруын қамтамасыз ететін жалпақ тісті табаны бар.
Ерді бекітуге және салт аттының орнықты отыруына арналған қайыстар иленбеген шикі теріден дайындалған.
Мерзімделу кезеңі:
1970-е г.
Материал:
Ағаш, Былғары, Металл
Техника:
Бедерлеу, Соғу, Соғу
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар