Көк түсті үйрек тәрізді ыдыс.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Көк түсті үйрек тәрізді ыдыс.
Ыдыстың пішіні созылыңқы тамшы тәрізді. Жоғарғы бөлігі жұмырлы ернеуі бар тік шұңғымалы мойынға ұласқан. Алдында көлденең орналасқан құйма-ауызы бар.Ыдыс толқын тәрізді ақ және ақшыл-қоңыр түсті сызықтармен безендірілген. Ернеуіне, жоғары бөлігіне және құйма -ауызына пунктирлі сары түсті сызықтар салынған. Ыдыстың жандары үш қатарлы осындай сызықтармен безендірілген.Үйректің төсінде алмасқан жеті сызық салынған. Бұл ыдыс жұпар иісті майларды құюға арналған. б.з.д. V ғ.Лебедевка II оба. Экпедиция басшысы - М.Н. Сдыков. Отряд жетекшісі - С.Ю.Гуцалов. 2002ж
Материал:
Керамика
Санат:
Археология