Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Түбек

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ашық жасыл түсті мөлдір шыныдан үрлеп жасалған түбек. Пішіні цилиндр тәрізді, қабырғалары төмен қарай сәл тарыла түскен. Ауыз ернеуі сыртқа қарай кең жайылып, жиегі ішке қарай қайырылған. Ернеуінің ішкі жағы сәл ойыс. Түбі дөңгелек, ортасы ыдыстың ішіне қарай ойыңқы болып келген. Қабырғасының шынысы жұқа, түп бөлігі қалыңдау.
Түбек бірнеше сынған фрагменттен желімделіп, қайта құрастырылған. Сынық жіктері сыртқы бетінен анық байқалады.
Түбек бесік жабдығының құрамында баланың тазалығын қамтамасыз етуге арналған гигиеналық ыдыс ретінде пайдаланылған. Мұндай түбек бесікке орнатылып, шүмекпен бірге қолданылған. Отырар өңірінен ортағасырлық шыны түбектер мен шүмектердің табылуы бұл бұйымдардың тұрмыста қолданылғанын көрсетеді.
Бұйым XI-XII ғасырлардағы Отырар қаласының шыны өндірісінің даму деңгейін, шыныны үрлеп ыдыс жасау технологиясын және қала тұрғындарының тұрмыстық-гигиеналық мәдениетін сипаттайтын археологиялық дерек болып табылады.

Мерзімделу кезеңі: ХІ-ХІІ ғғ.
Материал: Шыны
Техника: Басқа, Қалыптау
Өлшемі: биіктігі - 17,7 см., ауыз қуысының диаметрі - 14,5 см., табанының диаметрі - 9,5 см., шынысының қалыңдығы - 1 мм., түбінің қалыңдығы - 3 мм.
Санат: Археология, Шыны, фарфор, фаянс
Scroll to Top