Көзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құмыра тәрізді ыдыс, қызыл саздан жасалған. Жасалуы - шеберханалық (станокта жасалған). Ыдыстың сыртқы және ішкі бетінің бір бөлігінде қоңыр ангобпен жабылған жабынды ішінара сақталған. Сыртқы беті тегістеліп, жылтыратылған. Мойын жиегі түзу, мойыны аласа, жиегінің қимасы жалпақ тікбұрышты пішінде, шеттері сыртқа қарай қатты қайырылған. Мойынның төменгі жағындағы иық тұсына екі жағынан ілмек тәрізді екі тұтқа бекітілген. Ыдыстың денесі шар тәрізді, жоғарғы жағы томпақ, қабырғалары жалпақ түбіне қарай тарылған, түбі тегіс, жиегі де тегістелген.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII вв.
Материал:
Керамика
Техника:
Станок техникасы
Өлшемі:
диаметр венчик - 17,6 см, высота горловины - 4,0 см, диаметр тулова - 19,0 см, высота сосуда - 20,2см, диаметр дна - 10,0 см, ширина ручки -- 2,5 см, высота ручки- 4,0 см.
Санат:
Археология