Суқұйғыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сфералық тұлғалы, жоғарғы бөлігі кеңейтілген, жалпақ түпті, ұзындығы 9 см созыңқы тұмсықты, қыш өндірісінде жасалған құмыра-су құйғыш. Сабының бір ұшы тұмсықтың ернеуіне, екінші ұшы ыдыс тұлғасының жоғарғы бөлігіне саусақпен басып жасалған ойығы бар түрде бекітілген. Сабының пішіні иінді, көлденең қимасы сопақша. Ыдыстың беті мұқият тегістеліп, жылтыратылған. Саптың айналасындағы ыдыс тұлғасының бетіне қызыл ангоб жағылған. Тұлғасының тұмсық бекітілген деңгейінде екі параллель сызық сызылған. Ыдыстың артқы қабырғасында күйе мен ыс іздері бар.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ вв.
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Высота - 26 см., диаметр тулова-21 см., диаметр донца- 11 см., диаметр носика- 3 см.
Санат:
Археология