2026 жылғы 7 сәуірде Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы IX-XI ғасырларға жататын құнды жәдігерлер Түркия Республикасының Стамбұл қаласында өткен «Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» халықаралық көрмесінде таныстырылды.
Экспозицияға саз ыдыстар, қола айна, металл сақина, ат әбзелдерінің әшекейлері, жылқы әшекейлері, қоңырау, темір қайшы, пышақ бөлігі, үзеңгі және белдік жапсырмалары қойылды.
Іс-шараға музей басшысы М.Кипиев пен Археология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ғ.Базарбаев қатысып, Атырау өңірінің тарихи мұрасын халықаралық деңгейде насихаттады.