Түйреуіш-тана
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түйреуіш-тана - әйелдердің киіміне тағуға арналған дөңгелек пішінді әшекей. Беткі жағы айқыш тәрізді бедерлі жолақтар арқылы төрт бөлікке бөлінген. Әр бөлігінің бетіне нүктелі және сызықты өрнектер шекіп түсірілген. Жиегі ұсақ нүктелі бедермен көмкерілген.
Артқы жағында киімге бекітуге арналған сақина тәрізді ілмегі дәнекерленген.
Жәдігер ХХ ғасырға жатады. Ол зергерлік өнер мен әшекей тағу мәдениетін сипаттайтын музейлік дерек болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ.
Материал:
Металл
Техника:
Дәнекерлеу, Соғу
Өлшемі:
диаметрі - 5,2 см.