Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Төсекағаш

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Көркемдік ерекшелігіне қарай сүйектелген
төсекағаш. Төсекағаштың бұл түрі ауқатты адамдарға арналып дайындалатын болған.
Төрт аяқты төсекағаштың екі басы шалқақ пішінде жасалған. Алдыңғы беті түгелдей сүйекпен, оюлы темір тақталармен, күміспен әшекейленген. Артқы бетімен байланыстыратын ортаағаш ретінде көлденеңінен үш, әр басын біріктіруге екіден жалпақ тақтай арнаулы ойықтарға сұғыла бекітілген. Басының қайқы болып жасалуы мен оның биіктігі адамның тынығуына, күн суықта жылы жатуына әсер етеді. Бөліктері оңай ажыратылып, тез құрастырылатындықтан көшіп-қонуға да ыңғайлы жиһаз болған.
Көтерілген жиектерінің арқасында тыныс алу,ас қорыту проблемаларына пайдалы,қан айналымына оң әсер етеді.
ХІХ ғасырдың аяғы.
Өлшемі:
ұзындығы-220 см, ені -110 см.
биіктігі-60-100 см

Санат: Ағаш
Материал: Дерево, Металл, Сүйек
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Дизайн біртұтас, айқын зақымдану, сыну немесе қатты жарықтар жоқ. Сәндік элементтер жақсы сақталған, өрнектер айқын көрінеді табиғи тозу мүмкін-дақ немесе лак/бояудың жеңіл тозуы.

Scroll to Top