Кіреуке сауыт
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шайқастарда найза, қылыш, садақ сынды қарулардан қорғану үшін қолданылатын жарақ түрі. Пішімі қысқа жеңді жейде түрінде жасалып, түгелдей дөңгелек металл шығыршықтардан өрілген. Торлы кіреуке сауыттың бұл түрі шығыршықты сауыттар тобына жатады. Жеңі шынтаққа дейін қысқа, етегі ұзындау. ХVІІІ-ХІХ ғғ., кездейсоқ табылған.
Музей қорына Жетісу облысы Ақсу ауданының тұрғыны Индира Телебаева өткізген.
Өлшемі: жағасынан етегіне дейін - 60 см, екі иығының кеңдігі - 50 см
Сақталу жағдайы
Жалпы алғанда, сауыттың бастапқы пішіні жақсы сақталған. Төмендегі сақталу сипаттамаларына назар аударуға болады: Сауыттың негізгі құрылымы сақталған - иық, кеуде және төменгі бөлігі айқын көрінеді. Көптеген сақиналар орнында, алайда кей жерлерінде - әсіресе төменгі және иық тұстарында - кейбір бөлшектері жетіспейді немесе зақымданған. Бетінде аздаған тот іздері бар. Бұл ұзақ уақыт бойы сақталғандығын және табиғи тотығу процесінің жүргенін көрсетеді.