Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Алаша

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Терме алаша. Қызыл, қоңыр, сұр түсті иірілген жүн жіптерден термелеу тәсілімен тоқылған он алты қатар жолақтардан құрастырылып, тігілген алаша. Жолақтар бойында түрлі өрнектер жарыстырыла салынған. Сұр-қызыл түсті жолақ бойында қармақ өрнектері алмакезек айқаса өрнектелген. Қызыл, қара түсті келесі жолақтарда аштархан теру, төртқұлақ, қармақ өрнектері салынған. Қызыл түсті үшінші түрінде геометриялық және тікмүйіз, қосмүйіз, құмсағат өрнектері терілген. Ақ түсті төртінші жолақтарда тұмарша мүйіз, сынықмүйіз өрнектері қайталанған. Қызғылт түсті бесінші жолақтарда қосмүйіз, тұмарша, өрмекші өрнектері өрнектелген. Жоғарыда аталған кейбір жолақтардың арасына су, шетін жиектей алалы қиықша өрнегі жүргізілген. Қызылорда облысы.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ. 1-жартысы.
Материал: Жүн
Техника: Тігу
Өлшемі: 125х215 см.
Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Scroll to Top