Алаша
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Терме алаша. Көп түсті (қызыл, қоңыр, қара, қара-сұр, сары, ақ) иірілген жүн жіптерден термелеу тәсілімен тоқылған он сегіз қатар жолақтан құрастырылып, тігілген алаша. Жолақтар бойында ирексу, мүйіз, алақұрт, шаршы, алалы қиықша өрнектері алмакезек қайталана өрнектелген. Екі жаны қара түсті мақта-матамен көмкерілген. Бір жақ жанына тоғыз ілгек бау тағылған. Алматы облысы, Іле ауданы.
Мерзімделу кезеңі:
1950 ж.
Материал:
Жүн, Мақта мата
Техника:
Өрмек тоқу, Тігу
Өлшемі:
175х250 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары